Nokia 1680 classic - Зарядтау және разрядтау

background image

Зарядтау және разрядтау

Құрылғыңыз қайта зарядталатын батареядан қуат

алады. Батареяны жүздеген рет зарядтап,

разрядтауға болады, бірақ ол ақырында тозады.

Сөйлесу және күту режимдері әдеттегіден едәуір

қысқа болған кезде аккумляторды ауыстырыңыз. Тек

Nokia рұқсат берген батареяны пайдаланыңыз және

батареяны тек Nokia рұқсат берген осы құрылғыға

арналған зарядтағыштармен зарядтаңыз.
Ауыстырмалы батарея бірінші рет пайдаланылған

болса немесе батарея ұзақ уақыт бойы

пайдаланылмаған жағдайда оны зарядтау үшін

алдымен зарядтағышты жалғап, қайта ажыратып,

қайтадан жалғау қажет.
Пайдаланылмаған уақытта зарядтағышты электр

розеткасы мен құрылғыдан ажыратып қойыңыз. Толық

зарядталған батареяны зарядтағышта қосылған

күйінде қалдырмаңыз, өйткені шамадан тыс зарядтау

оның қызмет ету мерзімін азайтып жіберуі мүмкін. Егер

пайдаланусыз қалатын болса, толық зарядталған

батарея уақыт өте келе өзінің зарядын жоғалтады.

Батарея туралы ақпарат

© 2008 Nokia. Барлық құқықтары қорғалған.

55

background image

Егер батареяның қуаты толығымен азайған болса,

дисплейдегі зарядтау көрсеткіші жанғанша, не

болмаса қандай да бір қоңыраулар шалу мүмкін

болғанша бірнеше минут керек болады.
Батареяны тек өзінің арнаулы мақсаты бойынша

пайдаланыңыз. Еш уақытта зақымданған қуаттағышты

немесе батареяны пайдаланбаңыз.
Батареяны қысқаша тұйықтамаңыз. Кездейсоқ

қысқаша тұйықталу теңге, қағаз қыстырғыш немесе

қалам сияқты металл зат батареяның оң (+) және

теріс (-) полюстерінің қосылуын тудырған кезде орын

алуы мүмкін. (Полюстер батареяның үстіндегі металл

жолақшаларға ұқсайды.) Бұл, мысалы, қалтаңызда

немесе әмияныңызда қосалқы батарея алып жүрген

кезде орын алуы мүмкін. Полюстерді қысқаша

тұйықтау батареяны немесе байланыстырғыш затты

зақымдауы мүмкін.
Батареяны жазғы немесе қысқы кездердегі жабық

машина сияқты ыстық немесе суық жерде қалдыру

батареяның қуаты мен қызмет ету мерзімін

қысқартады. Батареяны әрдайым 15ºС пен 25ºС (59ºF

пен 77ºF) аралығындағы температурада сақтауға

тырысыңыз. Ыстық немесе суық батарея салынған

құрылғы тіпті, батарея толық зарядталғанның өзінде

уақытша жұмыс істей алмауы мүмкін. Батареяның

өнімділігі әсіресе, қату нүктесінен төмен

температураларда шектеледі.

Батарея туралы ақпарат

© 2008 Nokia. Барлық құқықтары қорғалған.

56

background image

Батареяны отқа тастамаңыз, өйткені ол жарылуы

мүмкін. Батареялар сонымен қатар жарылған

жағдайда қатты жарылуы мүмкін. Батареяларды

жергілікті ережелерге сәйкес пайдаға асырыңыз.

Мүмкін болған кезде зарядтап қайта пайдаланыңыз.

Тұрмыстық қалдық ретінде тастамаңыз.
Элементтер мен батареяларды бөлшектемеңіз және

қиратпаңыз. Батарея ағып кеткен жағдайда

сұйықтықты тері мен көзге тигізбеңіз. Теріңізге немесе

көзіңізге сұйықтық тиген жағдайда, сумен жуып

тастаңыз немесе дереу дәрігерге көрініңіз.