SIM картасы мен батареяны орнату
Батареяны шығарып алар алдында әрдайым
құрылғыны сөндіріп, қуаттағышты ажыратып алыңыз.
SIM картасы мен оның контактілері тырналса немесе
иілсе, олар оңай бүлінеді, сондықтан, картаны
ұстағанда, салғанда немесе шығарғанда абайлаңыз.
1. Қақпақты ашу үшін телефонның төменгі жағына
қарай басып жылжытыңыз (1).
2. Батареяны алыңыз (2).
3. SIM картасын (3) салыңыз.
4. Батареяны қойыңыз (4) және қақпақты қайта
салыңыз (5).