Nokia 1680 classic - SIM картасы мен батареяны орнату

background image

SIM картасы мен батареяны орнату

Батареяны шығарып алар алдында әрдайым

құрылғыны сөндіріп, қуаттағышты ажыратып алыңыз.
SIM картасы мен оның контактілері тырналса немесе

иілсе, олар оңай бүлінеді, сондықтан, картаны

ұстағанда, салғанда немесе шығарғанда абайлаңыз.

1. Қақпақты ашу үшін телефонның төменгі жағына

қарай басып жылжытыңыз (1).

2. Батареяны алыңыз (2).
3. SIM картасын (3) салыңыз.
4. Батареяны қойыңыз (4) және қақпақты қайта

салыңыз (5).