
Конфигурация
Телефоныңызда кейбір қызметтерге қажет
параметрлерді орната аласыз. Бұл параметрлерді
сізге қызмет ұсынушы да жібере алады.
Мәзір > Параметрлер > Конфигурация және келесі
параметрлерден таңдаңыз:
● Станд. конфиг. параметрлер — телефонда
сақталған қызмет ұсынушыларды көру және әдепкі
қызмет ұсынушыны белгілеу
● Бар-қ қолдб. стд. парам. іске қос — қолдау
көрсетілетін бағдарламалар үшін әдепкі
конфигурациялық параметрлерді қосу
● Ең тәуір ену нүктесі — сақталған қатынас
нүктелерін көру
Параметрлер
© 2008 Nokia. Барлық құқықтары қорғалған.
43

● Провайдер қолдауына қосылу — қызмет
ұсынушыдан конфигурациялық параметрлерді
қотару
● Қурылғы менеджері бпт — телефонның
бағдарламалық жасақтаманың жаңа нұсқаларын
алуына рұқсат ету немесе оған жол бермеу
Телефоныңызға байланысты бұл параметр қол
жеткізгісіз болуы мүмкін.
● Жеке конфиг. параметрлер — түрлі қызметтер үшін
жаңа жеке жазбаларды қолмен қосу және оларды
белсендіру немесе жою. Жаңа жеке жазбаны қосу
үшін Жаңа немесе Опц-р > Жаңасын қосу пәрменін
таңдаңыз. Қызмет түрін таңдап, қажетті
параметрлерді енгізіңіз. Жеке жазбаны белсендіру
үшін оған барыңыз және Опц-р > Қосу пәрменін
таңдаңыз.