Жедел қызметтерге телефон шалу
Маңызды: Сымсыз телефондар, соның ішінде
осы құрылғы радио сигналдарының, сымсыз
желілердің, жер үсті байланыс желілерінің және
пайдаланушы бағдарламалаған функциялардың
көмегімен жұмыс істейді. Осыған байланысты барлық
жағдайларға байланыс орнатылатынына кепілдік беру
мүмкін емес. Жедел медициналық жәрдем сияқты
Қауіпсіздік туралы қосымша ақпарат
© 2008 Nokia. Барлық құқықтары қорғалған.
68
маңызды байланыстар үшін кез-келген сымсыз
құрылғыға еш уақытта сенім арта бермегеніңіз жөн.
Жедел телефон шалу үшін:
1. Егер құрылғы сөндірулі болса, қосыңыз. Тиісті
сигнал қарқындылығын тексеріңіз.
Кейбір желілер құрылғыға жарамды SIM картасын
лайықты түрде салынуын талап етуі мүмкін.
2. Дисплейді тазалап, құрылғыны телефон шалуға
дайындау үшін аяқтау түймесін қажетінше
қайталап баса беріңіз.
3. Өзіңіз тұрған жердегі ресми жедел қызмет нөмірін
енгізіңіз. Жедел қызмет нөмірлері әр жерде әр түрлі
болуы мүмкін.
4. Шақыру түймесін басыңыз.
Егер кейбір мүмкіндіктер қосулы болса, онда жедел
қызметке телефон шалар алдында сол мүмкіндіктерді
сөндіруіңіз қажет. Қосымша ақпарат алу үшін осы
нұсқаулыққа немесе қызмет ұсынушыға жүгініңіз.
Жедел қызметпен байланыс кезінде барлық қажетті
ақпаратты мүмкіндігінше дәл беріңіз. Оқиға болған
жерде сымсыз телефоныңыз бірден-бір байланыс
құралы болуы мүмкін. Рұқсат берілмейінше,
байланысты аяқтамаңыз.
Қауіпсіздік туралы қосымша ақпарат
© 2008 Nokia. Барлық құқықтары қорғалған.
69